Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2026-09-06 20:17:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы көк бөріден күміс жүлде иеленді

news single

   Чолпон-Ата қаласындағы «Көк бөрү» алаңында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көк бөрі жарысында финалдық кездесу өтті,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Шешуші ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасымен кездесті. Алаң иелері матчтың алғашқы минуттарынан-ақ басымдық танытып, бірінші таймды 4:0 есебімен аяқтады. Қырғызстан құрамасының сапынан Нұржан Мелисбек уулу екі нәтижелі салым жасаса, Қыяз Ниязов пен Байтегин Өмүрбеков бір-бірден салым орындады.

 

   Екінші таймда қырғыз шабандоздары қарқынын бәсеңдетпей, есеп айырмасын 8:0-ге жеткізді. Кездесудің қорытынды бөлігінде алаң иелері Қазақстан құрамасының тайқазанына тағы төрт рет дәл түсірді.

 

   Қазақстандық шабандоздар қарсыластың тайқазанына бірде-бір нәтижелі салым жасай алмады. Осылайша, финал 12:0 есебімен Қырғызстан құрамасының пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден күміс жүлдеге ие болды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться