Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-09-19 20:39:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қайтыс болған адамның несиесін кім төлейді?

news single

   Қарыз алушы қайтыс болған жағдайда оның несиесі автоматты түрде жойылмайды,-деп хабарлайды   "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

   Марқұмның қарызы мұрагерлік тәртіппен қаралады. Егер қайтыс болған адамның артында мұра қалса және оны мұрагерлері қабылдаса, несие бойынша берешек те мұра құрамына кіреді. Алайда мұрагер марқұмның қарызын өз қалтасынан толық өтеуге міндетті емес. Мұрагердің жауапкершілігі өзі қабылдаған мұраның құны шегінде ғана болады.

 

   Яғни мұраның құны қарыз сомасынан аз болса, мұрагер қарыздың қалған бөлігін жеке қаражаты есебінен өтеуге міндетті емес. Сондықтан несие алған адамның қайтыс болуы қарызды автоматты түрде тоқтатпайды. Мұндай жағдайда мұраның құрамы, оның құны және мұрагерлердің оны қабылдау фактісі ескеріледі.

 

   Несие шарты бойынша сақтандыру рәсімделген болса, қарызды сақтандыру жағдайы ретінде өтеу мүмкіндігі де қарастырылуы мүмкін. Бұл ретте нақты талаптар сақтандыру шартына байланысты болады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться