Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2026-09-20 18:34:00

Біз әлеуметтік желілерде:

558 спортшы, 35 спорт түрі: Қазақстан Азиадаға аттанды

news single

Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен 558 спортшымен сынға түседі. Байрақты бәсекеге 45 елден шамамен 15 мың спортшы қатысып, 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Дайындықтың жаңа тәсілі мен ғылыми қолдау Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, биыл құрама дайындығына жаңа тәсілдер енгізілді. Алғаш рет команданың едәуір бөлігінің қорытынды дайындығы ойындар өтетін елдің өзінде ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда спортшылардың шамамен 80 пайызы               Жапонияда оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, уақыт белдеуі мен климатқа бейімделуде. Құраманы дайындау аясында жыл басынан бері 226 оқу-жаттығу жиыны өткізіліп, қазақстандық спортшылар 68 спорт түрінен 282 халықаралық жарысқа (26 әлем чемпионаты, 71 әлем кубогының кезеңі, 37 Азия чемпионаты және 148 халықаралық турнир) қатысты. Жаттығу сапасын арттыру үшін 11 елден 13 спорт түрі бойынша 24 шетелдік маман тартылды.

 

   Сондай-ақ спортшылардың физикалық және функционалдық жағдайын бағалау үшін Performance Hub ғылыми-зерттеу тобы кешенді тестілеу жүргізді. Осы платформа арқылы әр спортшының жағдайы сарапталып, жаттығу циклдері ғылыми негізде жоспарланады. Делегация құрамы мен спорттық киім Биыл алғаш рет спорттық делегация құрамын қалыптастыру бойынша бірыңғай нормативтер бекітілді. Құрамға жаттықтырушылар, дәрігерлер, массажистер мен спортшылардың дайындығы мен қалпына келуіне тікелей жауап беретін мамандар басымдықпен енгізілді.

 

   Негізгі мақсат — халықаралық тәжірибені отандық жаттықтырушылардың білімімен ұштастыра отырып, спортшыларды алдағы ірі халықаралық жарыстарға жүйелі түрде дайындау. Қазақстан құрамасының Азия ойындарына арналған спорттық киімін жапондық Mizuno компаниясы әзірледі. Оның дизайны ойындардың жалпы стилистикасы мен логотипіне сай жасалған. Тарихи көрсеткіштер Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді.

 

   Осы уақытқа дейін ел спортшылары жеңіл атлетика, бокс, жүзу, ауыр атлетика, күрес, дзюдо, ескек есу және басқа да спорт түрлерінен жүлдеге ие болған. Медаль саны бойынша рекордтық көрсеткіш 2006 жылы Дохада тіркеліп, қазақстандықтар 23 алтын, 19 күміс және 43 қола (жалпы 85 жүлде) жеңіп алды. 2014 жылы Инчхонда құрама 84 медаль (28 алтын, 23 күміс, 33 қола) еншілесе, 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азиадада жалпыкомандалық есепте 11-орынға тұрақтаған болатын.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться