Автор: ADMIN
АҚШ-қа кіруге тыйым: Трамптың даулы шешімі қайта қарала ма?
Дональд Трамп әкімшілігі 43 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге шектеу қою туралы жоспарын белгісіз мерзімге кейінге шегерді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мемлекеттік департамент бұл шектеулердің нақты ережелерін түсіндіретін есепті әлі дайындамаған. Алғашында құжат 21 наурызда әзір болуы керек еді, бірақ процесс созылып кетті.
Наурыз айының ортасында Ақ үй елдерді үш санатқа бөлетін құжат жариялады. Олардың ішінде Ресейдің одақтастарына арнайы санкциялар қарастырылған.
DailyMail.com Мемлекеттік департаментке сұраныс жолдаған. Ведомство: “Департамент 14161-жарлыққа сәйкес барлық виза бағдарламаларын тексеруден өткізуде. Әзірге жариялайтын ақпарат жоқ”, – деп мәлімдеді.
Қандай елдерге шектеу қойылуы мүмкін?
Құжатта мемлекеттер үш топқа бөлінген:
• Толық шектеу енгізілген елдер (Ауғанстан, Куба, Иран, Солтүстік Корея және т.б.).
• Ішінара шектеулер қойылған елдер (кейбір туристік және студенттік визаларға шектеу).
• Қосымша бақылау талап етілетін елдер (егер 60 күн ішінде талаптар орындалмаса, визалық шектеулер енгізіледі).
АҚШ шенеуніктері бұл тізімнің өзгеруі мүмкін екенін және оны Мемлекеттік хатшы Марко Рубио әлі мақұлдамағанын ескертті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
По проекту Конституции поступило более 10 тысяч обращений
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
Конституция жобасы бойынша 10 мыңнан астам өтініш түсті
Последние новости
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy