Автор: ADMIN
Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов дүниеден өтті,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Қазақ ғылымы орны толмас қазаға ұшырады. Қазақтың тұңғыш антропологы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұлов 96 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
Оразақ Смағұлов 1930 жылы 1 қазанда Қостанай облысының Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Ол бүкіл ғұмырын қазақ халқының шығу тегін, этногенезін және антропологиялық тарихын зерттеуге арнады. Ғалым Қазақстанда этникалық антропологияның алғашқы зертханасын ашып, отандық антропология ғылыми мектебінің қалыптасуына негіз қалады. Ол 30-дан астам ғылыми экспедиция ұйымдастырып, қазақ халқының тарихи қалыптасуы мен генетикалық біртұтастығын зерттеуге елеулі үлес қосты. Оразақ Смағұловтың ғылыми мұрасы ұлттық ғылымның құнды бөлігі болып саналады. Оның еңбектері қазақ халқының тарихи тамырын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
Көрнекті ғалымның есімі мен ғылыми мұрасы ұрпақ жадында сақталады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qazaqtıñ twñğış antropologı Orazaq Smağwlov dünieden ötti,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
Последние новости
Qazaqtıñ twñğış antropologı Orazaq Smağwlov dünieden ötti,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
قازاقتىڭ تۇڭعىش انتروپولوگى ورازاق سماعۇلوۆ دۇنيەدەن وتتى,- دەپ حابارلايدى “Shalqar.kz”.