Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-09-23 19:11:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Әлемдік рекорд және нақты AI-шешімдер: HackAlem AI хакатоны несімен ерекшеленеді

news single

   Астанада HackAlem AI халықаралық хакатоны өтіп жатыр,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

  Әлемдік рекорд орнатуды мақсат еткен ауқымды додаға 2,5 мыңға жуық қатысушы жиналып, жасанды интеллект негізінде өз жобаларын әзірлеуге кірісті. Хакатонның басты ерекшелігі – қатысушылардың бірнеше сағат ішінде бизнес пен мемлекеттік сектордағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған AI-агенттерді жасап шығуы.

 

   Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар тек технологиялық идея ұсынып қана қоймай, оны практикалық шешімге айналдыруы тиіс. Жобалар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, түрлі салалардағы нақты міндеттерді автоматтандыруға және тиімділікті арттыруға бағытталған.

 

  HackAlem AI аясында қатысушылар командаларға бөлініп, қысқа уақыт ішінде идея әзірлеу, прототип жасау және дайын шешімді таныстыру кезеңдерінен өтеді. Хакатон қорытындысы бойынша үздік жобалар сараланып, олардың практикалық әлеуетіне баға беріледі.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться