Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-09-28 19:54:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Еңбек еріне тағзым: Дәстүрлі турнир қорытындыланды

news single

   Еңбек адамын ұлықтау мен салауатты өмір салтын насихаттауды басты мақсат еткен тағылымды іс-шара Қожакент ауылында өтті. Ауыл шаруашылығы саласының майталманы, Еңбек ардагері Амантай Әпетұлын еске алуға арналған шағын футболдан дәстүрлі облыстық ашық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Еңбек адамдарын дәріптеу арқылы қоғам мәртебесін көтеру керек. Адал әрі табанды еңбегімен елге танылған адамдар қашанда құрметті», — деп атап өткендей, бұл турнир де адал еңбегімен ел құрметіне бөленген азаматтың есімін ардақтауды көздеді. 

 

 

    Дүбірлі доданың ашылу салтанатына аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғам қайраткерлері Ибрагим Әбибуллаев, Бекмырза Еламанов, Нәжімадин Мұсабаев, Бақыт Нұртазаев, Қызылорда қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев, сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов бастаған ауыл ағалары арнайы қатысты. Салтанатты сәтте аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбекұлы облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың ыстық ықыласты құттықтауын жеткізіп, спортшыларға сәттілік тіледі.

 

 

    Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғам қайраткері Ибрагим Әбибуллаев және Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Әсет Жиенқожаев сөз алып, турнирдің жастарға берер өнегелік мәніне тоқталды. Бұл жолғы дәстүрлі турнирдің географиясы ауқымды болды. Додада Астана, Шымкент, Ақтөбе, Түркістан, Тараз, Қызылорда қалалары мен Шиелі ауданынан келген 14 команда бақ сынасып, тартысты да тартымды ойын өрнегін көрсетті.

 

 

   Тартысты өткен бәсекеде үздік шыққан командалар қаржылай жүлделерге ие болды: 1-орын – Жаңақорғанның «Ернұр» командасы (500 000 теңге); 2-орын – «Шалқия» командасы (300 000 теңге); 3-орын – «Қожакент Арена» командасы (200 000 теңге); 4-орын – Қызылорда командасы (100 000 теңге). Сонымен қатар, жарыс барысында шеберлігімен танылып, жақсы ойын өрнегін көрсеткен 5 үздік ойыншыға әрқайсысына 20 000 теңгеден арнайы ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

 

   Елге еңбегі сіңген арда азаматтарды ұлықтап, кейінгі буынға өнеге етуді мақсат еткен бұл спорт мерекесі өзінің жоғары ұйымдастырушылық деңгейімен көпшіліктің көңілінен шықты.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться