Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-09-30 20:11:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алматыда арнайы тұрақта көлік сақтау ақылы болады

news single

   Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық арнайы тұрақтарға эвакуацияланған көліктерді сақтау үшін бірыңғай төлем тәртібі енгізіледі,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, көлік құралдарын коммуналдық арнайы тұрақтарға эвакуациялау құны барлық санаттағы көлік үшін 3 АЕК, яғни 12 975 теңге болып белгіленді. Ал жеңіл автокөлікті арнайы тұрақта сақтау құны алғашқы тәулікке 2,5 АЕК — 10 812,5 теңге болады.

 

   Кейінгі әр тәулік үшін 5 АЕК, яғни 21 625 теңге төленеді. Төлем мөлшері 18 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында бекітілген. Жаңа тәртіп 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Алматыда арнайы тұрақта көлік сақтау ақылы болады Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық арнайы тұрақтарға эвакуацияланған көліктерді сақтау үшін бірыңғай төлем тәртібі енгізіледі.

 

   Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, көлік құралдарын коммуналдық арнайы тұрақтарға эвакуациялау құны барлық санаттағы көлік үшін 3 АЕК, яғни 12 975 теңге болып белгіленді. Ал жеңіл автокөлікті арнайы тұрақта сақтау құны алғашқы тәулікке 2,5 АЕК — 10 812,5 теңге болады.

 

   Кейінгі әр тәулік үшін 5 АЕК, яғни 21 625 теңге төленеді. Төлем мөлшері 18 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында бекітілген. Жаңа тәртіп 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться