Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2026-10-04 20:02:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Рыбакина жарақатына байланысты Ухань турниріне қатыспайды

news single

   Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты Қытайдың Ухань қаласында өтетін WTA 1000 турниріне қатыспайды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Бұл туралы жарыс ұйымдастырушылары хабарлады. Ухань турнирі 12-18 қазан аралығында өтеді. Рыбакинаның шешіміне аяқ басындағы жарақаты себеп болған.

 

   Теннисші жарыстан кейін демалып, қалпына келу үшін уақыт қажет екенін айтқан. Бұған дейін Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингте 118-орында тұрған армениялық Алина Чараевадан 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңілген болатын.

 

   Бұл матчтан кейін қазақстандық спортшы аяғында ауырсыну болғанын жеткізген. Рыбакинаның келесі жарысы — Нинбодағы WTA 500 турнирі. Қазақстандық теннисші онда өткен жылғы чемпиондық атағын қорғауы тиіс.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться