Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-10-13 18:50:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Мәслихат сайлауы: кандидаттар қашан тіркеліп, үгіт жүргізе алады

news single

    Орталық сайлау комиссиясы 29 қарашаға белгіленген мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну кезеңі 14 қазанда басталып, 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады. Ал партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады.

 

   Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт жұмыстары партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады.

 

   Үгіт-насихат кезеңі сайлауға бір күн қалғанда, яғни 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады. «Сайлау алдындағы үгіт 1 қарашада сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қарашада сағат 00:00-ге дейін жалғасады», – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться