Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-10-13 19:19:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Премьер-министр базарларды цифрландыруды тапсырды

news single

   Қазақстанда сауда базарларын цифрландыру жұмыстарын жеделдету қажет,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, сауда саласындағы өсімді қамтамасыз ету мақсатында нақты тапсырмалар беріліп, өңірлік жол карталары бекітілген.

 

   «Әкімдіктерге жол карталарын сапалы жүзеге асырып, тауар айналымын арттыру бойынша белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырамын», – деді Олжас Бектенов. Премьер-министр сауда базарларын цифрландыру мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

 

    «Бүгінде елімізде 600-ге жуық базар жұмыс істейді. Олар микро және шағын бизнес үшін аса маңызды инфрақұрылым саналады. Цифрландыру кәсіпкерлік қызметті заңдастыруға, салық базасын кеңейтуге және базарлардың жұмысын ашық жүргізуге мүмкіндік береді», – деді Үкімет басшысы.

 

    Осыған байланысты Сауда министрлігіне Жасанды интеллект министрлігімен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, цифрландыру жұмыстарын жеделдету және тиісті ақпараттық жүйе құру тапсырылды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться