Автор: ADMIN
Алматы мен Астана тұрғындарына маңызды ескерту жасалды
Алматылықтар мен астаналықтар ауа сапасына назар аударғаны жөн. “Қазгидромет” мамандары бірнеше қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын ескертті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қауіпті күн – 2 сәуір
Синоптиктердің мәліметінше, 2 сәуірде Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында ауа ластануы мүмкін. Бұған желдің әлсіздігі, тұман және басқа да метеофакторлар әсер етеді.
Сондай-ақ, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал солтүстік пен шығыста түнде жаңбыр қарға айналуы ықтимал. Тек орталық және оңтүстік өңірлерде күн ашық болады.
Мамандар ауа сапасын бақылауға кеңес береді және қажет болған жағдайда сыртқа шығу уақытын шектеуге шақырады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Даже безработный обязан платить алименты
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı