Культура

Автор: ADMIN

Культура 2026-10-28 19:23:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Таразда "Аналар алқасы" отырысы өтті,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" ҚР Мәдениет және ақпарат министрігі сайтына сілтеме жасап.

news single

Тараз қаласындағы Достық үйінде республикалық дүнген этномәдени бірлестігінің "Аналар алқасы" кеңесі мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. 

Кездесуде "Кітап оқитын ұлт" марафоны аясында отбасылық кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесі көтерілді. Қатысушылардың пікірінше, бірлесіп кітап оқу балалардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, үлкендер мен жастар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жиында мемлекеттік тілді меңгеруді насихаттау, отбасы құндылықтары және республикалық челлендждерге қатысу мәселелері қаралды. Кеңес мүшелері алдағы жұмыс жоспарларын талқылап, этномәдени бірлестіктердің қоғамдық бастамаларға атсалысуын арттыру жөнінде ұсыныстар білдірді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться