Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-10-28 17:57:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Медицина қызметкерлерінің жалақысы қаншаға өседі: еңбек өтілі мен өңір ескеріле ме

news single

   Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарының учаскелік қызметінде жұмыс істейтін 77 мыңнан астам маманның жалақысына еңбек өтіліне қарай қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Соның нәтижесінде кейбір медицина қызметкерлерінің айлығы 760 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауында мәлімдеді. Президент Үкіметке учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды.

 

   Бұл шара медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін жаңғыртуға және медицина кадрларын қолдауға бағытталған. Қосымша ақы еңбек өтіліне қарай есептеледі Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, үздіксіз еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақыға қосымша ақы төлеу ұсынылып отыр.

 

   Оның мөлшері еңбек өтіліне қарай белгіленеді: 

 2 жылдан астам үздіксіз еңбек өтілі үшін – лауазымдық жалақының 20%-ы; 

 3 жылдан астам еңбек өтілі үшін – 30%-ы; 

 5 жылдан астам еңбек өтілі үшін – 50%-ы. Аталған қосымша төлемдер учаскелік қызмет мамандарына, соның ішінде жалпы практика дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне қатысты қарастырылған.

 

    Ауыл мен қаладағы жалақы мөлшері Министрлік ұсынған есеп бойынша, еңбек өтілі жоғары мамандардың жалақысы ауылдық жерлерде де, қалаларда да өседі. Ауылдық жерлерде жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 534 мың теңгеден 760 мың теңгеге дейін, ал орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 284 мың теңгеден 401 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Қалаларда еңбек өтілі жоғары жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 425 мың теңгеден 607 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 224 мың теңгеден 318 мың теңгеге дейін артуы ықтимал.

 

    Еңбек өтілі аз мамандардың да жалақысын көтеру көзделген. Ауылдық жерлерде жалпы практика дәрігерлерінің айлығы 386 мың теңгеден 450 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлерінікі 221 мың теңгеден 256 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться