Автор: ADMIN
АҚШ 185 елге баж салығын енгізді: Қазақстанға қандай әсері бар?
АҚШ президенті Дональд Трамп импорттық тауарларға кедендік баж салығын енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл тізімге 185 ел кірген, олардың арасында Қазақстан да бар, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Трамп Truth Social желісінде жариялаған кестеде базалық баж салығы 10% деп белгіленген. Алайда кейбір елдер үшін тарифтер айтарлықтай жоғары:
• Қытай – 34%
• Еуропалық Одақ елдері – 20%
• Швейцария – 31%
• Қазақстан – 27%
• Вьетнам – 46%
• Лаос – 48%
АҚШ үкіметінің бұл шешімі Ресей, Канада, Иран және Беларуське қатысты қолданылмаған. Дегенмен Украинадан келетін тауарларға 10% баж салығы енгізілді.
Бұдан бөлек, Трамп жеңіл көліктерге, жүк көліктеріне және автокөлік бөлшектеріне 25% баж салығын енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. Ол мұны «экономикалық тәуелсіздік декларациясы» деп атап, 2 сәуірді «Америка өнеркәсібінің жанданған күні» деп атады.
Америка басшысы өз шешімін:
«Америка Құрама Штаттарының достары мен дұшпандары ондаған жылдар бойы Америка экономикасын тонады. Бірақ баж салығын енгізумен бұл аяқталды!»
деп түсіндірді. Оның айтуынша, бұл АҚШ экономикасының «алтын ғасырына» жол ашады.
Трамптың сөзіне қарағанда, жаңа тарифтерден түскен қаржы салықты азайту және ұлттық қарызды төлеуге жұмсалмақ.
Күшіне қашан енеді?
• 10% базалық баж салығы 5 сәуірден бастап күшіне енеді.
• Бірқатар елдер үшін 9 сәуірден бастап жаңа тарифтер қолданылмақ.
Трамп бұл баж салығының көлемі өзгеруі мүмкін екенін де ескертті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
По проекту Конституции поступило более 10 тысяч обращений
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
Последние новости
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy