Саясат

Автор: ADMIN

Саясат 2026-10-29 16:13:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Тоқаев Түркия Президентімен келіссөз жүргізді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

news single

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы тауар айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ниетті екенін мәлімдеді.

29 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттер ұйымының 13-саммитіне қатысады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться