Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-10-29 20:00:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Білім беру несиесіне кепілдік беру бойынша 2023 жылдан бері өтінім түспеген

news single

    Қазақстанда студенттердің оқу ақысын төлеуге арналған банк несиелеріне мемлекеттік кепілдік беру тетігі болғанымен, 2023 жылдан бері бұл бағытта жаңа кепілдік рәсімделмеген,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Бұл туралы «Қаржы орталығы» АҚ Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді. «Қаржы орталығы» АҚ — білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы. Ұйым студенттерге тікелей несие бермейді, банктер ұсынатын білім беру несиелеріне кепілдік береді.

 

   Ресми жауапқа сәйкес, 2023–2026 жылдар аралығында кепілдік беру туралы өтінімдер түспеген. «Сұрау салынған кезеңде Кепілгердің мекенжайына Кредиторлардан кепілдіктер беруге өтінімдер түскен жоқ.

 

   Осыған байланысты 2023 жылдан бастап 2026 жылға дейінгі кезеңде кепілдік міндеттемелер берілмеді», — делінген жауапта.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться