Автор: ADMIN
Құрылыс мамандықтары бойынша жыл сайын 3 мыңнан астам түлек даярланады,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда құрылыс саласына қажетті кадрларды даярлау жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы бес жылда колледждерді жыл сайын орта есеппен 3 мыңнан астам түлек құрылыс мамандықтары бойынша аяқтаған.
Қазіргі таңда еліміздің колледждерінде құрылыс бағыты бойынша шамамен 13 мың студент білім алып жүр. Ал жұмысшы мамандарды даярлау 480 колледжде жүзеге асырылады. Бұл оқу орындарында 131 мыңнан астам студент оқиды.
ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, алдағы уақытта еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту көзделген. Бұл шаралар құрылыс саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай мамандар даярлауға бағытталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
قازاننىڭ سوڭعى كۇندەرى كۇن جىلىنىپ, كەي وڭىرلەردە قار جاۋادى