Автор: ADMIN
Apple Қазақстанда денсаулыққа арналған смарт-сервистерді іске қосты
Қазақстандық Apple құрылғыларының пайдаланушылары енді денсаулықты бақылауға арналған бірқатар жаңа цифрлық сервистерге қол жеткізе алады. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі мен Apple компаниясы арасындағы келіссөздердің нәтижесінде мүмкін болды. Бұған дейін бұл функциялар АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания және Аустралия сияқты елдерде ғана қолжетімді болған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Apple Watch: жүрек пен ұйқыны бақылау
• ЭКГ жазу – Apple Watch Series 6 және одан кейінгі үлгілерінде қолжетімді. Бұл мүмкіндік 30 секунд ішінде электрокардиограмма жасап, жүрек ырғағындағы ақауларды, соның ішінде жүрекшелер фибрилляциясын анықтауға көмектеседі. Деректер «Денсаулық» қосымшасында сақталып, дәрігерге көрсетілуі мүмкін.
• Ұйқы кезіндегі апноэны анықтау – Apple Watch Series 9 және кейінгі нұсқалары түнгі тыныс алудың үзілуін тіркеп, апноэ белгілері туралы хабарлама жібереді. Бұл созылмалы шаршау мен басқа да денсаулық мәселелерінің алдын алуға көмектеседі.
AirPods Pro: есту қабілетін қорғау
• «Естуді тексеру» функциясы – AirPods Pro 2 және одан кейінгі нұсқаларында пайда болған бұл мүмкіндік есту қабілетін әртүрлі жиіліктегі дыбыстар арқылы тексеруге көмектеседі. Нәтижелер «Денсаулық» қосымшасында сақталып, динамиканы бақылауға мүмкіндік береді.
• «Есту аппараты» режимі – Жеңіл және орташа дәрежедегі есту қабілеті нашар адамдарға арналған. Функция айналадан келетін дыбыстарды күшейтіп, пайдаланушының қажеттіліктеріне бейімдейді.
Бұл мүмкіндіктер медициналық диагноз қою немесе ем жүргізу үшін арналмағанын ескеру қажет. Олар тек денсаулықты бақылауға көмектеседі және дәрігер кеңесін алмастыра алмайды.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі заманауи технологияларды азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін қолжетімді ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын хабарлады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı