Автор: ADMIN
Ғалымдар қатерлі ісікті анықтайтын ерекше робот жасады

Британ ғалымдары ішек қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтайтын инновациялық робот жасап шығарды. Тиын көлеміндей мидия тәрізді бұл құрылғы адам ағзасында еркін қозғалып, тоқ ішектің үш өлшемді кескінін жасайды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Робот сыртқы магниттің көмегімен асқазан-ішек жолы арқылы жылжиды. Дәрігерлер осындай құрылғының көмегімен қатерлі ісікті бастапқы сатысында анықтап, науқастарға ауыртпалықсыз тексеріс жүргізе алады.
Жаңа технологияны Лидс, Глазго және Эдинбург университеттерінің зерттеушілері әзірлеген. Бастапқы сынақтар жануарларға жасалып, оң нәтиже көрсеткен. 2025 жылы робот адамдарға сыналмақ. Мамандардың айтуынша, бұл құрылғы дәстүрлі әдістерге қарағанда дәлділігі жоғары әрі шығыны төмен болады.
Ғалымдар бұл роботтың әсіресе әйелдерге пайдалы екенін айтады. Себебі әйелдердің ішегі ерлерге қарағанда ұзынырақ, сондықтан әдеттегі тексерістер олар үшін жайсыз өтеді.
Мидия-робот тек диагностика жасап қоймай, ультрадыбыс көмегімен дәрі-дәрмекті ағзадағы қажетті жерге жеткізе алады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, ішек қатерлі ісігі әлемде ең көп таралған аурулардың бірі. 2022 жылы бұл дертке 1,9 миллион адам шалдыққан, ал 900 мың адам қайтыс болған.
Ең алаңдатарлығы – соңғы жылдары 50 жасқа дейінгі адамдар арасында ішек қатерлі ісігі жиілеп барады. Сарапшылар мұны фастфуд пен өңделген тағамдарды шамадан тыс тұтынумен байланыстырады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Jalğan diplom – jarqın bolaşaqqa jasalğan qauip!

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет