Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-11-02 17:52:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Ескі үйі бұзылған тұрғындарға жаңа пәтер беріледі

news single

    Қазақстанда ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында баспанасы бұзылатын азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған жаңа кепілдік тетігі іске қосылды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.  

 

   Енді тұрғындарға құрылыс аяқталғанға дейін жалдамалы баспана беріліп, ескі үйінің орнына салынған жаңа ғимараттан пәтер алуына кепілдік қарастырылады. Бұл туралы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаев Астанада өткен сарапшылық талқылауда мәлімдеді.

 

   Елордада «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс — 2027: Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында сарапшылық талқылау өтіп жатыр. Жиында тұрғын үй құрылысының қазіргі жағдайы, ескірген баспаналарды жаңарту және құрылыс саласына инвестиция тарту мәселелері қаралды. Алтай Күздібаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстандағы тұрғын үй қорының 46 пайызы 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған.

 

    Сондықтан ескі ғимараттардың техникалық жағдайы мен энергия тиімділігін арттыру мәселесі өзекті болып отыр. – Қазір Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр. Бұған Көкшетау мен Алматы қалаларын мысал ретінде келтіруге болады.

 

    Астана мен еліміздің басқа қалаларында да осындай жұмыстар жүргізілуде, – деді ол. Компания басшысының сөзінше, биылдан бастап тұрғын үйлерді жаңарту жобаларына кепілдік беру тетігі іске қосылған. Оның негізгі мақсаты – ескі үйлердің меншік иелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться