Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-02 18:26:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Отбасы банк баспана бағасы мен халық табысы арасындағы алшақтықты азайтуды көздейді

news single

    Қазақстанда тұрғын үй бағасы мен халық табысының өсу қарқынын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді ипотекалық қаржыландырудың жаңа тетіктері қарастырылып жатыр,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.

 

   Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Астанада өткен сарапшылық талқылауда мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде банк клиенттерін алаңдататын негізгі мәселелердің бірі – баспана құнының қымбаттауы мен отбасы табысының арасындағы алшақтық.

 

    – Клиенттеріміз жиі қоятын сұрақтардың бірі – қазақстандық отбасылардың табысы мен тұрғын үй бағасының өсу қарқыны қаншалықты сәйкес келетіні. Біздің міндетіміз – осы екі көрсеткіштің арасындағы тепе-теңдікті сақтау.

 

   Сондықтан құрылыс компанияларының қауымдастығымен және Қазақстан құрылысшылар одағымен кездесіп, 2027–2028 жылдарға арналған ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін талқылауды жоспарлап отырмыз, – деді Ләззат Ибрагимова.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться