Мир

Автор: ADMIN

Мир 2026-11-09 19:03:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Жапония жағалауында 5,7 балдық жер сілкінісі болды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

2026 жылғы 9 қарашада Жапонияның шығыс жағалауында 5,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 13:52 шамасында болған. Оның эпицентрі Хонсю аралының шығыс жағалауынан шамамен 106 шақырым қашықтықта, Тынық мұхиты аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 24,2 шақырым тереңдікте тіркелген. Жапонияның Метеорологиялық агенттігі (JMA) аталған жер сілкінісінің магнитудасын 5,9 деп бағалады. Агенттік дерегіне сәйкес, бірқатар елді мекендерде жер асты дүмпулері сезілген. Қазіргі уақытта жер сілкінісінің салдарынан болған зардаптар туралы нақты ақпарат жоқ.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться