Общество
Автор: ADMIN
Общество
2026-11-09 19:14:00
Алматыда «Қалқаман» метро бекеті 1 желтоқсанға дейін ашылады,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
2026 жылғы 9 қараша. Алматы қаласында жаңа «Қалқаман» метро бекетін 1 желтоқсанға дейін іске қосу жоспарланып отыр.
Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Оның айтуынша, бекеттегі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі уақытта бекетті іске қосу алдындағы реттеу және сынақ жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, бекет аумағы абаттандырылып, шамамен 400 автокөлікке арналған тұрақ орындары жасақталған.
Қала әкімі жаңа бекеттің ашылуы Алматының көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Алдағы үш жылда қаланың батыс бағытында тағы үш метро бекетін салу жоспарланып отыр. Болашақта метро желісін «Қалқаман» бекетінен «Барлық» базарына дейін ұзарту көзделген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Последние новости
Все новости
Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться