Внешняя политика

Автор: ADMIN

Внешняя политика 2026-11-11 19:44:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестікті кеңейтуді көздейді,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қазақстан мен Грузия екіжақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтып, экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

10 қарашада Қазақстанның Грузиядағы елшісі Талғат Адуов Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту болды. Сонымен қатар, тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін тиімді пайдалануға және көлік-логистика саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударды. Кездесу барысында екі елдің бизнес өкілдері арасындағы тікелей байланысты дамыту және Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы отырысына дайындық мәселелері де қаралды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Грузия арасындағы стратегиялық әріптестік туралы бірлескен декларацияға 2026 жылғы 29 маусымда қол қойылған болатын. Қазіргі келіссөздер осы келісім аясындағы ынтымақтастықты нақты жобалар арқылы дамытуға бағытталған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться