Автор: ADMIN
Бекзат Саттарханов – чемпион болып туған жұлдыз
Бүгін – қазақ боксының жарық жұлдызы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың дүниеге келген күні. Егер аңыз спортшы тірі болғанда, 45 жасқа толар еді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бекзат Саттарханов – қазақтың мақтанышы. Ол небәрі 20 жасында Сидней Олимпиадасында қарсыластарының барлығын жеңіп, еліміздің тарихындағы ең жас Олимпиада чемпионы атанды. Спорттық мансабында 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.
Алайда жарқ етіп жанған жұлдыздың ғұмыры қысқа болды. 2000 жылдың 31 желтоқсанында ауыр жол апатынан қаза тапты. Бірақ ол халық жадынан өшкен жоқ. Оның есімі спорт тарихында алтын әріппен жазылды. Мемлекет оны I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Бекзаттың жігері, еңбегі, асқақ армандары талай жастарға шабыт беріп, қазақ боксының дамуына серпін берді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Otkroetsya pryamoy aviareys mejdu Kostanaem i Taşkentom
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى