Автор: ADMIN
Даниял Сапарбай: әлемдік аренада қазақ рухын танытқан қола жүлде
Қазақ боксшысы Даниял Сапарбай халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, World Boxing ұйымы ұйымдастырған Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Shalqar.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
+90 келі салмақта жұдырықтасқан Сапарбай жартылай финалда өзбекстандық мықты Жахонгир Зокировпен кездесіп, 0:5 есебімен ұтылды. Дегенмен, турнир қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болып, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
Бүгін, 4 сәуір күні, рингке тағы бес отандасымыз шығады. Олар: Нұрсұлтан Алтынбек, Диас Молжігітов, Дәулет Төлемісов, Жазира Орақбаева және Ұлжан Сәрсенбек.
Айта кетейік, турнирдің алғашқы кезеңі Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтуде. Ал екінші кезең 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылады.
World Boxing турнирі – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпай үшін күш сынасатын ауқымды серия. Жыл соңында, қараша айында финалдық кезең өтеді. Бұл – әлемнің үздік былғары қолғап шеберлері үшін басты бәсеке болмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Zimnie Aziatskie igrı 2029 goda proydut v Almatı
2029 جىلعى قىسقى ازييا ويىندارى الماتىدا وتەدى
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo