Автор: ADMIN
Димаш Құдайберген WBC ұйымының құрметті белбеуін иеленді,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мексиканың астанасы Мехикода Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрметті белбеуімен марапатталды.
Салтанатты рәсім 19 қарашада Palacio de los Deportes аренасында өтті. DimashNews ақпараттық порталының хабарлауынша, марапат әншінің халықаралық деңгейдегі жетістіктері мен музыка арқылы халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін табысталған. Белбеуді Димашқа WBC ұйымының Қазақстандағы өкілі Әлихан Жарылғапов, ұйым елшісі Эктор Сулейман кіші, маркетинг және коммуникациялар бөлімінің басшысы Хосе Антонио Арреола Сулейман мен директордың орынбасары Виктор Сильва тапсырды.
Марапаттау бастамасын WBC президенті Маурисио Сулейман көтерген. Алайда ол денсаулығына байланысты рәсімге қатыса алмады. Ұйым өкілдерінің айтуынша, мұндай белбеу өте сирек табысталады.
Олар Димашты әлемге танылған ерекше өнер иесі әрі музыка арқылы адамдарды біріктіретін тұлға ретінде бағалаған. Айта кетейік, WBC-дің әйгілі жасыл белбеуін бұған дейін Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және қазақстандық Геннадий Головкин секілді боксшылар иеленген.
Димашқа берілген белбеу чемпиондық атақ емес, өнер мен қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін берілген құрметті марапат болып саналады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Dimash Qudaibergen Receives Honorary WBC Belt,- reports “Shalqar.kz”.
ديماش قۇدايبەرگەن WBC ۇيىمىنىڭ قۇرمەتتى بەلبەۋىن يەلەندى,- دەپ حابارلايدى “Shalqar.kz”.