Автор: ADMIN
Көліктен бас шығарсаң – қалтаңа салмақ түсері анық
Енді көлік қозғалысы кезінде терезеден басын немесе денесін шығарып, “экстрим” жасағандар үшін айыппұл қарастырылған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мұндай ереже көлік салонында жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында енгізіліп отыр. Әсіресе мектеп бітіру, үйлену тойы секілді қуанышты сәттерде азаматтардың өз қауіпсіздігін елемей, көліктен жартылай шығып суретке түсуі, видеоға түсуі жиі кездесетін жағдай. Енді мұндай “экшн” үшін заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған.
Жаңа талап бойынша:
Көлік қозғалысы кезінде терезеден басын шығарған жолаушы мен бұл жағдайға жол берген жүргізушіге 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Жауапкершілік екі тарапқа да теңдей жүктеледі.
Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, бұл өзгеріс әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер аясында заңдастырылып, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
AI дәуіріндегі жаңа тренд: Vibe Coding
Последние новости
Новый тренд эпохи AI — Vibe Coding
AI дәуіріндегі жаңа тренд: Vibe Coding