Автор: ADMIN
Қазақстанның Хьюстондағы Бас консулдығы жұмысын бастады,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
АСТАНА. 21 қараша. 2026 жылғы 20 қарашада АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ресми түрде консулдық қызмет көрсетуді бастады.
Жаңа дипломатиялық мекеме алғашқы келушілерді қабылдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Жаңа Бас консулдық Техас және консулдық округке кіретін өзге де штаттарда тұратын қазақстандықтарға қажетті құжаттарды рәсімдеуге, консулдық қызметтерді алуға, сондай-ақ құқықтық көмек пен қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Осылайша, азаматтарға басқа қалаларға ұзақ жол жүрудің қажеті болмайды. Консулдық округке АҚШ-тың 11 штаты кіреді. Олардың қатарында Техас, Колорадо, Канзас, Луизиана, Миссури, Оклахома және басқа да штаттар бар.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Бас консулдықтың ашылуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени, білім беру және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бермек. Жаңа дипломатиялық мекеме Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, шетелдегі отандастарды қолдауға және екіжақты байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Kazakhstan’s Consulate General in Houston Begins Operations,- reports “Shalqar.kz”.
Qazaqstannıñ H'yustondağı Bas konsuldığı jwmısın bastadı,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
Последние новости
Qazaqstannıñ H'yustondağı Bas konsuldığı jwmısın bastadı,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
قازاقستاننىڭ حьيۋستونداعى باس كونسۋلدىعى جۇمىسىن باستادى,- دەپ حابارلايدى “Shalqar.kz”.
Kazakhstan’s Consulate General in Houston Begins Operations,- reports “Shalqar.kz”.