Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-23 11:49:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Бразилияның оңтүстігінде жойқын дауыл болып, бес адам қаза тапты,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

2026 жылғы 22 қарашада Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында болған қатты дауыл салдарынан бес адам қаза тауып, 265 адам жарақат алды.

Бразилияның азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметінше, табиғи апат штаттың 42 муниципалитетіне әсер етіп, 25 мыңнан астам тұрғынды зардап шектірген. Әсіресе Тупансиретан қаласында жағдай күрделі. Мұнда желдің екпіні сағатына 114 шақырымға жеткен. Дауыл салдарынан шамамен 8 мың үйдің шатыры зақымданып, мектептер, медициналық мекемелер және электр желілері бүлінген. Көптеген тұрғын үйлер жарықсыз және байланыссыз қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа күшті жел мен суперұяшықты найзағайлы дауыл себеп болуы мүмкін. Мамандар торнадоның болған-болмағанын да тексеріп жатыр.

Бразилияның федералдық үкіметі Тупансиретан қаласында төтенше жағдай режимін мойындап, зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету және қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться