Тарих

Автор: ADMIN

Тарих 2026-11-23 15:39:00

Біз әлеуметтік желілерде:

«Алтайдан Еуропаға дейінгі тағдыр жолаушысы – Арыстан Шәдетұлы» атты кітабы түрік тілінде жарық көрді.

news single

Атамыз Арыстан Тосынның (Шәдетұлы) өмір жолына арналған «Алтайдан Еуропаға дейінгі тағдыр жолаушысы – Арыстан Шәдетұлы» атты кітабы түрік тілінде жарық көрді. Кітаптың таныстырылымы 20 қараша, жұма күні сағат 13:00-де Алматы қаласындағы Expo көрме орталығында өтті.

Бұл кітапты бір адамның өмірбаяндық хикаясы ғана емес, сонымен қатар түркі әлемінің тарихын, көші-қон үдерістерін, мәдени болмысын және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан күрескерлік рухын баяндайтын маңызды биографиялық еңбек ретінде бағалауға болады.

Мұндай өмірбаяндық шығармалар тек өткен тарихты баяндап қана қоймайды, сонымен бірге тұтас бір халықтың тарихи жадын сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізеді. Бұл тағдырлы сапарды тарихи өзгерістер, географиялық алшақтықтар, көші-қон, түрлі қиындықтар мен жаңа өмір қалыптастыру жолындағы күрес тұрғысынан қарастыруға болады.

Арыстан Шәдетұлының өмір жолы түркі әлемінің өткені мен бүгінін жалғастыратын маңызды рухани көпір бола алады.

Кітаптың қысқаша мазмұны: Бұл кітап сұхбат негізінде жазылған. Алғаш қарағанда, көзі тірі тарихи тұлғаның өмірінен сыр шертетін шығарма секілді көрінгенімен, шын мәнінде, ол тұтас бір халықтың соңғы кезеңдегі тарихына куәлік етеді.

Кітаптың алғашқы бетін ашқан сәттен бастап, сіз алдыңыздан өткен ғасырдың тірі куәгері Арыстан Шәдетұлының бейнесін көресіз.

Өзінің дүниеге келген кезінен бастап, бір ұлттың өмір сүру және ұлт ретінде сақталу жолындағы күрес тарихына үңілесіз. Кейде ата-бабалар тарихына терең бойлап, кейде бүгінгі күннен болашаққа бағдар беретін тағдырлы оқиғаларға куә боласыз.

Кітапты құрастыруға атсалысқан Баяхмет Жұмабайұлы да осындай сан алуан, күрделі әрі тағылымды оқиғаларды бір арнаға тоғыстыру үшін қыруар еңбек сіңіргені анық.

Бұл – өз тағдырымен бірге халқының тағдырына да ықпал еткен бір тағдыр жолаушысының өмір жолы туралы кітап. Шығарманың негізгі үш құндылығы

  1. Тамыр мен ұлттық болмыс Алтайдан бастау алған тарихи және мәдени мұраны сақтау, ұлттық тамыр мен бірегейлікті ұрпақ санасында жаңғырту.
  2. Күрес пен тағдыр Өмірдің сан түрлі қиындықтарына төтеп беру, табандылық, қайсарлық таныту және қандай жағдайда да рухты жоғалтпай, өмір жолын жалғастыру. 
  3. Келер ұрпаққа қалатын мұра Бір адамның өмірлік тәжірибесін, көрген-білгенін, тағылымы мен өнегесін отбасына, қоғамға және келешек ұрпаққа аманат ету. Бұл еңбек – жеке адамның өмір тарихы арқылы тұтас бір халықтың тарихи жадын, ұлттық рухын және ұрпақтар сабақтастығын танытатын құнды шығарма.

Бешир Жаналтай фейсбук парақшасынан

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться