Жаңалықтар
Автор: ADMIN
Жаңалықтар
2026-11-23 11:59:00
Трамп АҚШ мемлекеттік қарыз мәселесін шешпесе, ел банкротқа ұшырауы мүмкін екенін ескертті,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік қарыздың шекті мөлшері мәселесі шешілмесе, ел банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұл туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты. Трамптың сөзінше, мемлекеттік қарыз лимитіне қатысты мәселені жақын арада шешу қажет. Ол қолданыстағы қарыз шегін алып тастауды ұсынды.
АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 26 қазанда елдің мемлекеттік қарызы рекордтық 40,52 триллион долларға жеткен. Ал қазіргі заңды шекті мөлшері 41,1 триллион долларды құрайды. Екі партиялық саясат орталығының болжамынша, АҚШ бұл шекке 2027 жылдың ақпан немесе наурыз айларында жетуі мүмкін.
Трамп мемлекеттік қарыз лимитін жою елдің қаржылық міндеттемелерін орындау үшін маңызды екенін атап өтті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Последние новости
Все новости
Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться