Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-24 20:42:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жауын-шашын күтіледі,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

24 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болжанады. «Қазгидромет» мәліметінше, солтүстік-батыс циклондардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, әсіресе Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін. Республика аумағында жел күшейіп, тұман түседі деп болжанып отыр. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда сақ болуға шақырады. Алдын ала болжам бойынша, 26 қарашаға қарай еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +15…+25 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться