Автор: ADMIN
Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G желісінен толық бас тартуды жоспарлап отыр,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін үшінші буындағы (3G) мобильді байланыс желілерін толық өшіріп, оның орнына 4G технологиясын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі ауылдардың 84 пайызы мобильді интернетпен қамтылған. Байланыс сапасын жақсарту мақсатында операторлар 3G базалық станцияларын 4G стандартына жаңартып жатыр. Жоспарға сәйкес, 2027 жылдың соңына қарай 4G желісі 5 291 ауылды, ал 5G желісі 70 қала мен 300 ауылды қамтуы тиіс. Нәтижесінде ауылдардың 92 пайызы мобильді интернетке қол жеткізеді. Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автомобиль жолын мобильді байланыспен қамтамасыз ету көзделген. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланып отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Скончался первый казахский антрополог Оразак Смагулов,- сообщает “Shalqar.kz”.
Последние новости
Qazaqtıñ twñğış antropologı Orazaq Smağwlov dünieden ötti,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
قازاقتىڭ تۇڭعىش انتروپولوگى ورازاق سماعۇلوۆ دۇنيەدەن وتتى,- دەپ حابارلايدى “Shalqar.kz”.