Автор: ADMIN
Қазақстанда педагогтерге арналған байланыс орталығы іске қосылады,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Қазақстанда мұғалімдердің құқықтарын қорғау және кәсіби мәселелерін жедел шешу мақсатында 1472 байланыс орталығы іске қосылады. Жаңа қызмет «Ұстаз» платформасы аясында жұмыс істейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Оның айтуынша, педагогтер орталыққа еңбек жағдайлары, жалақы мен қосымша төлемдерді есептеу, әдістемелік көмек, сондай-ақ мектеп басшылығы немесе ата-аналармен туындаған келіспеушіліктер бойынша жүгіне алады. Министрдің сөзінше, бұған дейін мұғалімдер өз өтініштеріне жауап алу үшін бірнеше мекемеге жүгінуге мәжбүр болған. Жаңа байланыс орталығы бұл процесті жеңілдетіп, өтініштерді жедел қарауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта орталық сынақ режимінде жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта өтініштерді қабылдау тәртібі тексеріліп, техникалық мәселелер реттеледі.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qazaqtıñ twñğış antropologı Orazaq Smağwlov dünieden ötti,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
قازاقتىڭ تۇڭعىش انتروپولوگى ورازاق سماعۇلوۆ دۇنيەدەن وتتى,- دەپ حابارلايدى “Shalqar.kz”.
Последние новости
Qazaqtıñ twñğış antropologı Orazaq Smağwlov dünieden ötti,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
قازاقتىڭ تۇڭعىش انتروپولوگى ورازاق سماعۇلوۆ دۇنيەدەن وتتى,- دەپ حابارلايدى “Shalqar.kz”.