Автор: ADMIN
Мыңдаған адам ЖРВИ жұқтырып, ауруханаларға түсетін жүктеме артып отыр,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Қазақстанда маусымдық ЖРВИ-дің таралуына байланысты бірқатар өңірде ауруханаларға түсетін жүктеме жоғарылап отыр. Әсіресе Алматы мен Астана қалаларында науқастар саны көп.
2026 жылғы 9–15 қараша аралығында Алматыда 16 841 адам ЖРВИ жұқтырған. Ал Астанада 12–18 қараша аралығында 21 158 жағдай тіркелген. Елордада бұл көрсеткіш алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,2 есеге артқан. Алматыдағы балалар инфекциялық ауруханасының жүктемесі шамамен 85 пайызға жеткен. Науқастар санының артуына байланысты медициналық мекеме қосымша 67 резервтік төсек-орын ашуды жоспарлап отыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің 23 қарашадағы мәліметі бойынша, эпидемиялық маусым басталғалы Қазақстанда 1,45 миллионнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелген. Соңғы аптада аурушаңдық 6,8 пайызға төмендегенімен, медициналық ұйымдар маусымдық кезеңдегі науқастар санының артуына дайындықты жалғастырып жатыр. Мамандар тұрғындарға қолды жиі жууды, бөлмелерді желдетуді және ауру белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгінуді ұсынады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qazaqtıñ twñğış antropologı Orazaq Smağwlov dünieden ötti,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
Последние новости
Qazaqtıñ twñğış antropologı Orazaq Smağwlov dünieden ötti,- dep habarlaydı “Shalqar.kz”.
قازاقتىڭ تۇڭعىش انتروپولوگى ورازاق سماعۇلوۆ دۇنيەدەن وتتى,- دەپ حابارلايدى “Shalqar.kz”.