Автор: ADMIN
Қазақстанда шетелден оралған азаматтардан денге қызбасы мен безгек анықталды.
Қазақстанда шетелден оралған азаматтардан денге қызбасы мен безгек анықталды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
2026 жылдың басынан бері Қазақстанда денге қызбасының 14 және безгектің бес жағдайы тіркелді. Аурулар шетелге сапарлап, елге оралған азаматтардан анықталған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, денге қызбасының ең көп жағдайы Алматы қаласында тіркелген. Мальдив аралдарынан оралған жеті адамнан, Вьетнамнан келген екі азаматтан инфекция анықталған. Сонымен қатар Үндістан мен Дубайдан келген азаматтар арасында бір-бір жағдай тіркелген. Астанада Вьетнам мен Индонезиядан оралған екі адамнан, ал Қостанай облысында Вьетнамнан келген бір азаматтан денге қызбасы анықталған. Қараша айында әзірге жаңа жағдайлар тіркелмеген.
Бұдан бөлек, елімізде шетелден әкелінген безгектің бес жағдайы анықталған. Оның төртеуі Алматыда, біреуі Астанада тіркелді. Науқастардың төртеуіне тропикалық безгек, біреуіне үш күндік безгек диагнозы қойылған. Барлық жағдай зертханалық жолмен расталды.
Мамандардың мәліметінше, науқастардың бір бөлігі Уганда, Гана, Габон және Занзибарға, тағы бір азамат Вьетнамға барған. Денсаулық сақтау саласының өкілдері қазақстандықтарға қауіпті жұқпалы аурулар таралған елдерге сапар алдында алдын ала дайындалып, қажетті сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Kassym-Jomart Tokayev Arrives in Moscow on Working Visit.
Казахстан и Китай создадут совместный исследовательский центр в сфере энергетики.
قازاقستان مەن قىتاي بىرلەسكەن ەنەرگەتيكالىق زەرتتەۋ ورتالىعىن قۇرادى.
Последние новости
Qasım-Jomart Toqaev jwmıs saparımen Mäskeuge bardı.
قاسىم-جومارت توقاەۆ جۇمىس ساپارىمەن ماسكەۋگە باردى.
Kassym-Jomart Tokayev Arrives in Moscow on Working Visit.