Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-26 10:14:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды.

news single

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қарашада Ресей астанасы Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен ұйымдастырылды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Мәскеуде өтетін жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Сапар аясында Қазақстан мен Ресей президенттері Кремльде кездесу өткізді. Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться