Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-26 09:52:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Шетелдік азаматтар Қазақстанға тіс емдету үшін жиі келе бастады.

news single

Шетелдік азаматтар Қазақстанға тіс емдету үшін жиі келе бастады,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

Қазақстан медициналық туризмнің жаңа бағыттарының біріне айналып келеді. Әсіресе шетелдік азаматтар арасында отандық стоматологиялық қызметтерге сұраныс артып отыр. Бұған емдеу құнының салыстырмалы түрде арзандығы мен медициналық қызмет сапасы әсер еткен. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Құрылтайда өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанға стоматологиялық қызмет алу үшін алыс шетелдерден де азаматтар келеді. Мәселен, кейбір мемлекеттерде тіс имплантын орнату құны 10 мың АҚШ доллары немесе еуроға дейін жетеді. Ал Қазақстанда мұндай медициналық қызметтер әлдеқайда қолжетімді.

Вице-министрдің пікірінше, отандық стоматологиялық қызметтердің сапасы шетелдік клиникалардан кем түспейді. Шетелдік пациенттер ағынының артуы жергілікті мамандардың табысын көбейтіп, клиникаларға қосымша қаржы тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық туризмді дамыту мақсатында «медициналық туризм» және «медициналық турист» ұғымдарын заңнамалық тұрғыдан бекіту ұсынылып отыр. Шетелдік пациенттерге қызмет көрсету және оларды сүйемелдеу тәртібін де реттеу жоспарланған.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық туризмді дамыту барысында Қазақстан азаматтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі басты басымдық болып қала беретінін атап өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться