Автор: ADMIN
Қазақстан мен Қытай бірлескен энергетикалық зерттеу орталығын құрады.
Қазақстан мен Қытай бірлескен энергетикалық зерттеу орталығын құрады,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Қазақстан Қытаймен ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейту аясында жаңартылатын энергетика саласында бірлескен зерттеу орталығын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрлігі хабарлады.
Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында Қытайдың PowerChina Chengdu Engineering Corporation компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады.
Орталықтың негізгі міндеттері баламалы және жаңартылатын энергия көздері саласында қолданбалы зерттеулер жүргізу, жаңа энергетикалық технологияларды әзірлеу және оларды өндіріске енгізу болмақ. Сонымен қатар жоба аясында осы салаға қажетті білікті мамандарды даярлау көзделген. Орталық қазақстандық ғалымдар мен қытайлық мамандардың тәжірибе алмасуына және ғылыми әзірлемелерді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Аталған бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық серіктестікті нығайтып, елдегі жаңартылатын энергия көздері саласының дамуына серпін беруге бағытталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qazaqstan men Qıtay birlesken energetikalıq zertteu ortalığın qwradı.
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды.
قازاقستان مەن قىتاي بىرلەسكەن ەنەرگەتيكالىق زەرتتەۋ ورتالىعىن قۇرادى.
Последние новости
Qasım-Jomart Toqaev jwmıs saparımen Mäskeuge bardı.
قاسىم-جومارت توقاەۆ جۇمىس ساپارىمەن ماسكەۋگە باردى.
Kassym-Jomart Tokayev Arrives in Moscow on Working Visit.