Мереке

Автор: ADMIN

Мереке 2026-11-27 19:21:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Желтоқсан тағылымы – бүгінгі бейбіт те жарқын өмірдің аманаты.

news single

Бүгін №229 «Келешек» мектебінде «Желтоқсан тағылымы – Тәуелсіздік аманаты» атты ерекше мазмұнды флешмоб-кездесу өтті. Шараға Желтоқсан оқиғасының ардагерлері – Ербол Әбдірешов, Маржан Елғазы, Гүлшат Нұрлыбайқызы Кенесариева, Сайытқан Мұратұлы Қуантаев, Болат Шарахымбай, Гүлзира Дәуренқызы Ауғанбаева, Мира Анарханқызы Темірханова, Айнаш Кеңесқызы Қыздарбекова, Салтанат Ағабекқызы Бекетауова, Фарида Қадырбекқызы Абдралиева, Ғалия Нұғыманова, Оразгүл Айзатқызы Абдрасул, Қарлығаш Әлиқызы Үмбетова және Ренат Сағидоллаұлы Абдуллин арнайы қонақ ретінде қатысып, оқушылармен жүрекжарды кездесу өткізді.

Бұл кездесудің басты ерекшелігі – өткеннің ауыр кезеңі мен қасіретін еске алу емес, сол рухтың сыйлаған бүгінгі бейбіт әрі мамыражай өмірін, заманауи мектепте білім алып жүрген балаларға жасалған зор мүмкіндіктерді дәріптеу болды. Тәуелсіздік жемісін нақты іс пен бақытты балалық шақ арқылы паш еткен шара жас буынға жарқын болашаққа деген сенім мен позитив сыйлады.

Кеш барысында «Келешек» мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, заман талабына сай еркін, алғыр әрі бақытты ұрпақ екенін көрсетті. Балалардың жарқын жүздері мен шығармашылық табыстарын сүйсіне тамашалаған ардагерлер бүгінгі ұрпақтың өмір сүріп жатқан ортасына, алаңсыз білім алып, армандай алатын шағына ризашылық пен қанағаттану сезімдерін білдірді.

Тәуелсіздік – кешегі күннің тағылымы ғана емес, бүгінгі күніміздің баға жетпес құндылығы. №229 жалпы білім беретін мектебінде өткен бүгінгі басқосу сол құндылықтың ең тәтті жемісі – бақытты балалар мен бейбіт аспан астындағы жарқын өмір екенін тағы бір мәрте айқындады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться