Автор: ADMIN
Қазақстанда ауа райының күрт суытуына байланысты жол жағдайы күрделенеді.
Қазақстанда ауа райының күрт суытуына байланысты жол жағдайы күрделенеді,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
27 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Соған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде қозғалыс қиындауы мүмкін.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, бүгін Ақмола, Абай, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Түркістан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар түседі деп болжанып отыр. Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін. Осыған орай жүргізушілерге жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдап, көліктер арасында қауіпсіз арақашықтық сақтауға және күрт маневр жасамауға кеңес беріледі.
Сонымен қатар, жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен автожолдардың жағдайын алдын ала тексеру ұсынылады. Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы тәулік бойы ақпаратты 1403 нөмірі арқылы алуға болады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
2027 jıldan bastap jwmıssızdıq boyınşa äleumettik tölemniñ mölşeri artadı.
Toqaev TikTok äleumettik jelisin qatañ sınğa aldı.
Unemployment Benefits to Increase in Kazakhstan Starting in 2027.
Последние новости
Toqaev TikTok äleumettik jelisin qatañ sınğa aldı.
توقاەۆ TikTok الەۋمەتتىك جەلىسىن قاتاڭ سىنعا الدى.
Tokayev Criticizes TikTok Over Its Impact on Young People.