Автор: ADMIN
2027 жылдан бастап жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері артады.
2027 жылдан бастап жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері артады,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері 346,5 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, өзгеріс ең төменгі жалақы мөлшерінің 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтерілуіне байланысты енгізіледі. Жаңа ережеге сәйкес, әлеуметтік төлемнің мөлшері азаматтың соңғы екі жылдағы орташа айлық табысының 45 пайызын құрайды.
Бұл ретте есепке алынатын табыс ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен аспайды. Төлем алу мерзімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді:
6 айдан 12 айға дейін аударым жасалған болса – 1 ай;
12 айдан 24 айға дейін – 2 ай;
24 ай және одан көп болса – 3 ай.
Әлеуметтік төлемді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтар ғана ала алады. Сондай-ақ 2027 жылдан бастап жұмыссыз азаматтарды қолдау тәртібі де өзгереді. Алдымен мансап орталығы 13 күнтізбелік күн ішінде азаматқа лайықты жұмыс ұсынуға көмектеседі. Егер осы уақыт аралығында жұмыс табылмаса, оған жұмыссыз мәртебесі беріліп, әлеуметтік төлем тағайындау мүмкіндігі қарастырылады. Жаңа өзгерістердің мақсаты – жұмыссыз қалған азаматтарға қаржылай қолдау көрсетіп қана қоймай, оларды тұрақты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
С 2027 года увеличится размер социальной выплаты по потере работы.
توقاەۆ TikTok الەۋمەتتىك جەلىسىن قاتاڭ سىنعا الدى.
Токаев резко раскритиковал социальную сеть TikTok.
Последние новости
Toqaev TikTok äleumettik jelisin qatañ sınğa aldı.
توقاەۆ TikTok الەۋمەتتىك جەلىسىن قاتاڭ سىنعا الدى.
Tokayev Criticizes TikTok Over Its Impact on Young People.