Автор: ADMIN
Астана төріндегі жекпе-жек: Жәнібек титулын сақтап қала ала ма?
5 сәуір күні Астанадағы “Барыс Аренада” өтетін үлкен айқас алдында орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен оның қарсыласы Анауэль Нгамиссенге ресми салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жәнібек таразыда 72,35 келі көрсетіп, шектеуден асқан жоқ. Қарсыласы да дайын – франциялық Нгамиссенге 72,05 келімен салмақ өлшеуден сүрінбей өтті.
Бірақ бар шоу салмақпен бітпеді — боксшылар дәстүрлі көз арбастыру рәсіміне шыққанда күтпеген оқиға орын алды.
Нгамиссенге шоу көрсетпек болып, қимылдаған сәтте ол байқаусызда чемпиондық белбеуге қол тигізіп, оны құлатып ала жаздады. Бір сәтке тыныштық орнады, бірақ Жәнібек бар жағдайды сабырмен қабылдап, жымиып қана қойды.
Бұл жекпе-жек – Жәнібек үшін маңызды. Ол алғаш рет 2017 жылдан бері туған жерінде жұдырықтасады. Кездесу 12 раундқа жоспарланған, Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық атағын қорғайды.
Кештің басты бәсекесімен қатар, көрермендерді келесі тартыстар да күтеді:
• Сұлтан Заурбек пен Оңтүстік Африкадан келген Азинга Фузиле арасындағы белбеу үшін шайқас;
• Аса ауыр салмақта Баходир Джалолов пен украиналық Игорь Шевадзуцкийдің кездесуi;
• Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырханның кәсіпқой дебюті;
• Әйелдер арасындағы тартыс – Балауса Мұздыман мен Мария Тереза Пинили айқасы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 спортшы, 35 спорт түрі: Қазақстан Азиадаға аттанды
558 спортсменов, 35 видов спорта: Казахстан отправился на Азиаду
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu