Автор: ADMIN
Төрехан Сабырхан кәсіби бокстағы дебютін жеңіспен бастады

Астанада өтетін үлкен бокс кешінде еліміз тарихында алғаш рет IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз белбеуін француз үміткері Анауэль Нгамиссингеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғап қалатын болады. Сондай-ақ, бұл кеште Жәнібек Әлімханұлынан бөлек, еліміздің 7 боксшысы да шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл кеште шымкенттік Төрехан Сабырхан кәсіби бокстағы алғашқы қадамын жасады. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте оның қарсыласы чехиялық Йиржи Хауке (4-6, 2 КО) болды.
Кездесу басынан-ақ Төрехан қарсыласын белсенді шабуылдармен тынымсыз басып, басымдылық танытты. 3-ші раундта Төрехан екі рет Хаукені нокдаунға жіберіп, чехиялық соңғы рет орнынан тұра алмай, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.
Жекпе-жектен соң Төрехан өз жасын (19 жас) еске алып, қазақ боксының тарихында маңызды жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізетініне сенімді екенін білдірді. Сонымен қатар, жанкүйерлерге көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтты.
Айта кетейік, бүгін Барыс Аренада Төреханның ағасы Махмұт Сабырхан да өзінің кәсіби бокстағы дебютін жасайтын болады. Ол Париж олимпиадасының қатысушысы ретінде шаршы алаңға шығып, бокс әлемінде алғашқы қадамдарын жасайды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Қызылордада Қарилар байқауы өтті

ەڭبەك ارداگەرىنە ارنالعان وبلىستىق فۋتبول تۋرنيرى وتتى
Последние новости

Eñbek ardagerine arnalğan oblıstıq futbol turniri ötti

ەڭبەك ارداگەرىنە ارنالعان وبلىستىق فۋتبول تۋرنيرى وتتى

Еңбек ардагеріне арналған облыстық футбол турнирі өтті