Автор: ADMIN
“Америка оянды”: Мыңдаған адам Трамп пен Маскқа қарсы көшеге шықты
5 сәуір күні АҚШ-тың әр түкпірінде бұрынғы президент Дональд Трамп пен миллиардер Илон Маскқа қарсы мыңдаған адам жаппай көшеге шықты. Бұл наразылық – ел тарихындағы ең ауқымды қоғамдық толқулардың бірі ретінде бағалануда, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Deutsche Welle ақпаратына сүйенсек, бір күн ішінде ел бойынша 1200-ден астам митинг өткен. Шараларды 150-ге жуық қоғамдық ұйым – азаматтық құқық қорғаушылары, кәсіподақтар, аз ұлттардың құқығын қорғаушылар, ардагерлер және саяси белсенділер ұйымдастырған.
Наразылық шерулері Вашингтоннан бастап елдің барлық 50 штатына дейін тарады. Ұлттық аллеяда орналасқан Вашингтон монументінің маңында 20 мыңнан астам адам жиналған. Ал Ақ үй маңындағы алаңда “Қолыңды тарт!” деген алып баннер көзге түсті.
Кейбір шерушілер:
• “Бұл менің президентім емес!”
• “Фашизм келді”
• “Әлеуметтік жүйемізді қорғайық!”
деген плакаттармен шықты.
Наразы топ Трамп әкімшілігінің келесі қадамдарын сынға алды:
• мыңдаған мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босату,
• иммиграциялық саясатты қатайту,
• трансгендер адамдардың құқықтарын шектеу,
• әлеуметтік медициналық бағдарламаларға бөлінетін қаржыны қысқарту.
Балтимор маңындағы әлеуметтік қамсыздандыру қызметінің ғимараты алдында да жүздеген адам зейнетақы мен жәрдемақыға қысым жасалмауын талап етті.
Шерулер тек АҚШ-та емес, Еуропаның Рим, Париж, Лондон қалаларында да өтті. Сондай-ақ, Мексика мен Канадада да ұқсас акциялар ұйымдастырылуда.
Айта кетейік, осыған дейін сенатор Кори Букер Сенатта 25 сағат 5 минут тоқтаусыз сөз сөйлеп, Трамптың саясатына қарсы тарихи үндеу жасаған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Республика күні қарсаңында Алматыда төрт заманауи мектеп ашылды
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Sır önerpazdarı Şveycariya sahnasında
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу