Автор: ADMIN
Бейбітшілік пе, соғыс па?: Иран АҚШ шабуылына дайындала бастады
Таяу Шығыста жағдай қайта шиеленісе түсті. Иран билігі әскерін жоғары жауынгерлік дайындық режиміне көшірді. Себеп – АҚШ тарапының Иранға қарсы соққы жасауы мүмкін деген мәлімдемесі, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Иран Жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи АҚШ президенті Дональд Трамптың «келісім болмаса – соққы жасаймыз» деген сөзінен кейін қарулы күштерге “дайын болыңдар” деген бұйрық берді.
Тегеран Ирак, Кувейт, БАӘ, Катар, Түркия және Бахрейн елдеріне арнайы ескерту жолдап, егер бұл мемлекеттер өз әуе кеңістігі мен аумағын АҚШ-қа пайдалануға берсе, бұл әрекет «дұшпандық» деп есептелетінін мәлімдеді. Иран бұған жауапсыз қалмайтынын ашық айтты.
30 наурызда Дональд Трамп NBC News арнасына берген сұхбатында Иранмен ядролық келісім жасалмаса, әскери әрекеттер басталуы мүмкін екенін жеткізді.
«Егер келісімге келмесе, бомбалау басталады. Бұндай соққыны олар бұрын-соңды көрген жоқ», – деді АҚШ президенті.
Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс әлемдік саясаттың басты назарында. Бұл тек екі ел арасындағы текетірес емес, бүкіл аймақтың тағдырына әсер етуі мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Respublika küni qarsañında Almatıda tört zamanaui mektep aşıldı
5 баланың анасы 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу