Автор: ADMIN
АҚШ-Қытай қақтығысы: Қазақстан экономикасы үшін алтын дәуір басталды ма?

Әлемнің екі алпауыты – АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы жалғасып жатқанда, Қазақстан үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер туындауда. Экономист Бауыржан Ысқақтың айтуынша, геосаяси текетірестің “жанама пайдасын” біздің ел тиімді пайдалана алады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
АҚШ-қа қарсы енгізілген салықтардан кейін Қытай америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерінен ішінара бас тартып жатыр. Бұл — Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік. 2024 жылы Қытайға экспортталған қазақстандық бидай көлемі 50%-ға артты. Сонымен қатар, соя бұршақтарына да сұраныс өсіп отыр.
Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы рекорд жаңартуда: 2023 жылы 41 млрд долларға жетсе, 2024 жылдың тоғыз айында 33 млрд доллар болған. Бұл — екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланыстың нығайғанын көрсетеді.
«Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қазақстан инфрақұрылымға Қытайдан инвестиция тартып жатыр. Жаңа жолдар, теміржол дәліздері және логистикалық хабтар – мұның бәрі Қазақстанды Орталық Азияның басты транзиттік хабына айналдыра алады.
Бауыржан Ысқақтың айтуынша, қазіргі жағдайда Қазақстан өз позициясын күшейтіп қана қоймай, экономиканы әртараптандыруға да нақты қадам жасап жатыр. Әлемдік ойыншылардың арасындағы күрес бізге жаңа мүмкіндіктер есігін ашуы мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

В Кызылорде открылась первая школа нового формата

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Қызылордада жаңа форматтағы заманауи мектеп есігін ашты
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет