Автор: ADMIN
Қазақстан көркем гимнастикасында жаңа дәуір: бас бапкер ауысты
Қазақстан көркем гимнастикасы жаңа бетбұрысты кезеңге қадам басты. Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне танымал жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Лола Әділбекова тағайындалды. Бұл тағайындау – спорттық қауымдастықтың ерекше назарын аудартқан маңызды оқиға, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Лола Исламқұлқызы – тәжірибелі маман. Ол 2002 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының құрамында күміс жүлдеге ие болған. Бапкерлік жолын 2010 жылы Шымкентте бастаған. Содан бері бірнеше талантты гимнасты тәрбиелеп, халықаралық ареналарда ел намысын қорғауға дайындады.
Оның шәкірттері қатарында – Азия чемпионы Даяна Әбдірбекова, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада қатысушысы Роза Әбитова, әлем чемпионатының финалисі Эльжана Таниева және Милана Парфилова бар. Соңғысы 2023 жылғы Азия ойындарында командалық күміске, ал жекелей көпсайыста қолаға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейінгі бас бапкер Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының президенті ретінде жұмысын жалғастырады. Ал жаңа бас бапкер Лола Әділбекова ел спортының дамуына тың серпін бермек.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
2029 جىلعى قىسقى ازييا ويىندارى الماتىدا وتەدى
Zimnie Aziatskie igrı 2029 goda proydut v Almatı
ينفلياتسييا ۆ يانۆارە سوستاۆيلا 12,2%: راستۋت تسەنى نا توپليۆو
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo